Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ӘЙЕЛІҢ – МЕДЕТ ҚЫЗЫ, АТЫ ЫРЫМ»

«ӘЙЕЛІҢ – МЕДЕТ ҚЫЗЫ, АТЫ ЫРЫМ»

Абайдың замандасы Қайрақбай деген кісі әйел үстіне тағы әйел алмақ ниеті барын айтқанда шығарған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның кейін табылған өлеңдерінің бірі, жазылған жылы белгісіз. 1940 жылы ел аузынан жазып алынған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

Өлең не жайында?

Ақын ісі олақ, бойы салақ әйелді сынап қана қоймай, бағын қайта сынағысы келген құрбысын, ер кезегі үшке дейін болғанымен, алда қандай адамға кезігерің беймәлім дегенді меңзеп, «бір боқты бас та, тағы сүрін» деп әжуалайды. Бұл мысқылдың арғы жағында «әуелде қайда қарадың, енді жаман болса да бала-шағаңды шулатпай, жайыңа жүр» деген Абайға тән бір айтар, өктем байлам жатқан сияқты.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған, көлемі 4 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды орыс тіліне аударылған.

Әйелің – Медет қызы, аты Ырым,
Айында бір жумайды беттің кірін.
Ер кезек жігітке үшке дейін,
Бір боқты тағы бас та және сүрін.