Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ӘБДІРАХМАННЫҢ ӘЙЕЛІ МАҒЫШҚА АБАЙ ШЫҒАРЫП БЕРГЕН ЖОҚТАУ» («АЙНАЛАЙЫН, ҚҰДАЙ-АУ»)

«ӘБДІРАХМАННЫҢ ӘЙЕЛІ МАҒЫШҚА АБАЙ ШЫҒАРЫП БЕРГЕН ЖОҚТАУ» («АЙНАЛАЙЫН, ҚҰДАЙ-АУ»)

Абайдың қадірлі Әбдрахман баласының қайғылы өлімінен кейін келіні Мағышқа жазып берген жоқтауы.

Қашан жазылды?

«Әбдрахманның әйелі Мағышқа Абай шғарып берген жоқтау («Айналайын, құдай-ау») өлеңін Абай  1895 жылы 50 жасында жазған.

Қайда жарияланды?

Өлең Мүрсейіттің қолжазбасында сақталып, алғаш рет Абайдың 1939 жылғы жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Қайғыдан қасірет жұтқан Мағыштың ауыр халін жыр жолдарымен жеңілдетемін деп Абай келініне жоқтау өлең шығарып берген. Қазақ халқының ескі ғұрпында өлген адамның артынан жоқтау айтылатыны белгілі. Абайдың туындысы сондай сипаттағы тұрмыс-салт жырының үлгісімен жазылған. Даналық ойға толы ұзақ өлең бірінші жақтан Мағыштың атынан шығарылған. Жоқтауда келіні Құдаймен ғана тілдесіп, ішкі зарын, арман-тілегін, қайғы-мұңын жаратушыға ғана арнайды.

Бес жасында анасынан айырылған Мағыштың тағдыры кішкентай күнінен аянышты екені баяндалады. Абай жоқтауда Мағыштың бала күніндегі қайғылы жағдайды айта отырып, сол арқылы шығарманың әсерін, идеясын күшейткендей ой қалдырады. Жастайынан жетімдік көріп өскен Мағыш енді отбасылық өмірдің де қызығын көре алмады, сүйген жарынан тым ерте айырылады. Бақытынан қол үзген жас келіншектің өзегін қайғы оты күйдіргеннен кейін, ол  шыдай алмайды, зар илейді. Сабыр қылып шыдауға дәрменсіздік танытады, себебі қайғының уыты күшті, ішті күйдіріп барады. Оның басына қара бұлт төніп, көңілінің көкжиегінен күн сәулесі өшеді, жан дүнесін қараңғылық басады.

Әйелдің басындағы трагедялық халды осылайша зор поэтикалық қуатпен жеткізген автор оның өкінішін де жасырмайды. Неше жыл жарымды көрмедім, өткен күнгі қызығымды түспен теңедім, өзгеше болып жаралған серігімнің өзі түгіл, басқан ізіне де зар едім, алыста жүріп сағынып, күнге жылынғандай күй кешетінмін деп зарлап келіп, ақтық сағатта тым болмаса қасынан табылмадым, қиналған сәтінде оған қызмет көрсете алмадым деп аһ ұрады. Әбіштей асыл жарымнан айырылғаннан кейін қу өмірдің қызығы мен қуанышы, жалғанның жұбанышы қалмады деп налиды Мағыш.

 [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Т.1. – Алматы: Жазушы, 1995. – Бб. 239-241]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы  е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы  жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Ауыз әдебиетіндегі жоқтау үлгісімен туған өлең көңіл-күй лирикасы жанрында жазылған. Абайдың асыл туған баласы Әбдрахманның қазасын, сүйікті келіні Мағыштың трагедиясын қайғырып шығарған азалы жыры.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, корей, поляк, нидерланд, тәжік, түрік, өзбек және сондай-ақ өзге де көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Айналайын, Құдай-ау,

Қапалық салдың жасымнан.

Шешенің зарын тарттырдың

Бес жасымда басымнан.

Сөйлемей пенде шыдамас

Қайғы отына ашынған.

Жарымды көрмей неше жыл,

Қапалықты асырған.

Жарымды алып қор қылдың

Жас өмірде тасынған.

Айырып, от қып өртедің,

Әбіш сынды асылдан.

Әбішті алып күл қылдың,

Қызылды гүлді жасылдан.

Тым болмаса қызмет қып,

Өткізбедім қасымнан.

Жиырма екі жасымда

Мен айрылдым жарымнан.

Жарық, сәуле көрмедім,

Шыққалы ана қарнынан.

Күйік күшті түскен соң,

Кетеді екен сабырдан.

Қызықты күнім қалмады

Жылаған айтып зарымнан.

Көре алмай зар боп айрылдым

Құдай қосқан жарымнан.

Өзгеше болып жаралған,

Таныған жан қалпынан.

Тілеуді кесіп Құдайым,

Зарлатып қойды артынан.

Құдай салды жүрекке

Жалғанда бітпес жараны.

Көре алмай қор боп қалған соң,

Кете ме іштен арманы?

Сәулемді Құдай алған соң,

Сарнамасқа шара не?

Кез келтірді, Құдайым,

Құтылмас маған дараны.

Қалқамды алып, Құдайым,

Басыма салдың қараны.

Өзі түгіл көрмедім,

Ізі жоқ басқан табаны.

Күйдіріп, Құдай алмады,

Пенденің құрыр амалы.

Қылығына жете алман,

Қаншалық тілмен айтқанмен.

Басыңа Құдай беріпті

Өлшеусіз қылып ақылын.

Сабыр мен талап беріпті,

Ақылың, рахымың қиын-ды.

Өткен күнгі қызығым

Ұйықтап көрген түстен кем.

Қараңғы түнде қапалық

Жүректі басты, шықпас күн.

Қолдан келген қайратым –

Барымды айтып шыққан үн.

Көңілімнің күні өшкен соң,

Қайғылы қара болар түн.

Жыламай пенде шыдамас,

Қарағымды алған соң.

Сағынып көрген қызықты

Көре алмай зарлап қалған соң.

Ашпадың, Алла, қабақты,

Қылмадың қабыл тілекті,

Өле алмай шыдап отырмын

Зор Құдайым салған соң.

Шықтым ба деп ем, Құдай-ау,

Қызықты күннің шетіне.

Өшірмек Алла болған соң,

Пенденің қоймас еркіне.

Өлмектен басқа дауа жоқ,

Алланның салған дертіне.

Құтылмас құл жол таппас,

Иенің салған өртіне.

Жалтыр құздан құладым,

Қолымнан кетіп сүйеніш.

Көңілімнің күні өшкен соң,

Жалғанда болмас жұбаныш.

Өмірді қылдың, Құдайым,

Қызығы жоқ, күйініш.

Үмітсіз өмір бітірді,

Жүрекке мұз боп ерімес.

Өзгеше болып жаралған

Айрылдым қалқам жарымнан.

Сол қалқамды қоймаған

Замана неткен тар еді?

Жасымнан өтті демегің,

Күн шыққандай қараңғы

Кешегі түннің жарығы.

Сабыр қылып шыдарға,

Қайғы оты асты күшімен.

Қызықты күшім қалмады

Әбішті көрген түсімнен.

Сағыныш зарын білдірмей

Жүруші едім ішімнен.

Қылығың, қалқам, кетер ме

Жалғанда менің ойымнан?

Сағынсам да алыстан,

Жүруші ем күнше жылынып.

Қызықтың заңғар басынан

Қорлыққа кеттім жығылып.

Құдай қосқан қосақтан

Жалғанда қалдым жырылып.

Қайғыңда қалдым қамалып,

Қызығым кетті сырылып.

Көре алмай қалдым қалқамның

Дәл екі жыл қызығын.

Жүректегі жазылмай,

Тағдырдың салдың сызығын.

Өмірдің, Алла, беріпсің

Күнде өртерлік шыжығын.

Баяны жоқ, байлаусыз,

Тілекте жоқ бұзығын.

Сағынсам да үміт бар,

Болушы еді қуаныш.

Қалқамнан қалдым қарс ұрып,

Қайткенде болар жұбаныш?

Алла берген арманға

Аһ ұрсам болмас алданыш.

Сабыр, тағат қылуға,

Қоймады күйік бойыма ес.

Әбіш сынды жарымнан,

Айрылған соң барымнан,

Жалғанда болмас жұбаныш!