Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН»

«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН»

Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған«Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарас», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлең алғаш рет1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі»атты жинақта жарияланды (2-бөлік. Өлең туралы, 33-бет).Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болыпалынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кер-бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген.

Өлең не жайында?

Бұл өлеңнің жазылу тарихы жайлы әрқилы әңігмелер бар: Шаһкәрім қажының жас жігіт күнінде, кәрілікті жамандап, бозбалалықты дәріптеп жазған өлеңі болған.

Көкбай Әзірет Әлі айдаһармен алысыпты деп өлең жазған. Сыбан руынан, Әріп деген өлең жазғыш жігіт «Зияда» деген дастанында қызды мақтамақшы болып, суреттегенде: көзі гәуһар, иегі алтын деп, осы сықылды асыл тастарды түсіне қарамай, сұлудың өне бойына жапсыра берген. Осы үші ақынға ой салып, ақыл айтпақшы болып, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңді жазып еді. Ол өлеңге Әріп кектеніп, Біржан мен Сара деген қыз айтысыпты деп өлең жазып, біздің ақсақалды жамандайды. Біржанның арғын емес, керей екенін білмейді (Тұрағұлдың «Әкем Абай туралы» деген естелік әңгімесінен). Өлеңнің жазылуына Тұрағұл айтқан үш ақынның өлеңдері себеп болғаны рас. Бірақ Абай үш ақынды сынаумен ғана шектелмейді, ақын мен ақындық өнердің міндеті туралы айта келіп,мқазақтың талапты жас ақындарын үлкен мақсатқа бағыттап, жол көрсетеді.

Қай жанрда жазылды?

Әрқайсысы 6тармақты5шумақтантұрады, көлемі 30 жол. Ұйқасы –б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, орыс, өзбек, үйғыр тілдеріне аударылған.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз»,

Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз».

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі1 күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге?

1Бәңгі (парсыша) – нашақор.