Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«КІМ ЕКЕН ДЕП КЕЛІП ЕМ ТҮЙЕ ҚУҒАН»

«КІМ ЕКЕН ДЕП КЕЛІП ЕМ ТҮЙЕ ҚУҒАН»

Абайдың ауызша шығарған, мысқылдап айтқан өлеңі. Ашық мінез баланың ақтара салған тежеусіз ойы.

Қашан жазылды?

Бұл өлеңді Абай 1855 жылы 10 жасында ауызша шығарған.

Қайда жазылды?

1 шумақ өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында ауызша шығарылған. Кейіннен ел ішінің бір қариясының аузынан жазылып алынған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең бірінші рет Абайдың 1933 жылғы толық жинағында басылды (Абай ҚұнанбайұлыТолық жинақ. – Қызылорда, 1933 жыл, 71-бет). Содан бергі жинақтардың бәріне кіріп жүр. Кейінгі басылымдарда ешқандай текстологиялық өзгерістер байқалмайды.

Өлең не жайында?

Ел ішіндегі бір қария жас жігіт күнінде ауылындағы бір әйелді төркініне ертіп барады. Төркіндері бір жауыр айғыр береді. Жауыр айғырды алып келе жатып, Құнанбай ауылының жолда жатқан түйелерінің арасын аралап өтеді. Оларды көре салып, он жасар бала Абай ауылдан тайға мініп, шауып келіп, әлгілердің аты-жөнін сұрап алып, қайта бұрылып бара жатып, осы өлеңді суырып салып айтқан екен (түсінік берген Тұрағұл Абайұлы – 1933 жылғы жинақта).

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, көлемі 4 тармақты, 1 шумақ. Жас ақын ауылға тура келе алмай, түйе арасына жасырынған келіншекті де, оның сараң төркінін де бір-ақ ауыз өлеңмен өлтіре әжуалаған. Болашақ ақынның уытты тілі айқын нышан беріп тұр.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Кім екен деп келіп ем түйе қуған,

Қатын ғой күлдәрімен белін буған.

Төркініңнің бергені жауыр айғыр,

Бауырыңды… бірге туған.