Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

Жоба туралы

Қадірлі оқырман!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХ ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақаласында «Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» – деген міндет қояды.

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін тетік ретінде  «Абай» интерактивті кешені әзірленді.

Аталған интерактивті кешен келесідей тараулардан тұрады:

  • «Абайдың ғұмырнамасы»;
  • «Абайдың шығармашылық әлемі»;
  • «Бейнедәрістер»;  
  • «Кинопоэзия әлемі»;
  • «Онлайн-кітапхана»
  • «Жидебай-Бөрлі».

«АБАЙДЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ»

Ақын өмірбаяны туралы замандастары мен ұрпақтарының естеліктері, абайтанушы ғалымдардың академиялық зерттеулері жинақталған.

«АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ»

Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің, поэмалары мен аудармаларының әрқайсысы жеке-жеке қысқаша аннотациялық сипатта талданады және әр туындының толық мәтіні мен аудио нұсқасы беріледі. Бұл тарауды әзірлеуде орындаушылар 1995 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағын басшылыққа алды.

 «БЕЙНЕДӘРІСТЕР»

Абайдың өмірбаяны мен  шығармашылық мұрасын жаңаша пайымдау мақсатындағы танымдық, академиялық бейнедәрістер топтамасы беріледі.

«ОНЛАЙН-КІТАПХАНА»

Ақынның шығармалар жинағы мен шығармашылығы туралы ғылыми, ғылыми-танымдық кітаптардың сандық форматтағы мәтінімен  толық танысуға болады.

«КИНОПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ»

Абай өлеңдерінің негізінде түсірілген  кинопоэзия топтамасы көруге болады.

«ЖИДЕБАЙ-БӨРЛІ»

Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалды қорық-мұражайы құрамына кіретін Семейдегі бас мұражайының, «Алаш арыстары-М.Әуезов» мұражайының, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйінің, «Шәкәрімнің Саят қорасы» экспозициясының, «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешенінің, Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражай-үйінің фото және бейне нұсқалары орналасқан.

«Абай» интерактивті кешенін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы негізінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты әзірледі.

Бұл жоба ақынның өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін, аудармаларын бір арнаға топтастырып жинақтауға, шығармаларының жалпы мазмұнын арнайы форматта жүйелеуге, сондай-ақ әдеби мұрасындағы интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясын өскелең ұрпаққа интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы жеткізуге  мүмкіндік береді.

Интерактивті кешенді Абай Құнанбайұлының шығармашылығына қызығушылық танытқан әрбір қазақстандық азамат, қоғамның кез келген саласының мамандары, барлық деңгейдегі білім алушылар 24/7 режимде қолдана алады.

Интереактивті кешенді әзірлеу идеясының авторлары және әзірлеушілер:  Ерлан СЫДЫҚОВ, Ерлан САЙЛАУБАЙ, Жұлдызай КІШКЕНБАЕВА (бас үйлестіруші),  Максим МАРЧЕНКО